Фотогалерея • 01 Қараша, 2021

Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының опера және балет театрында ұлттық музыка жауһары – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қойылым жаңаша стильде сахналанған, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды

Бұл жолы операның музыкасы қайта редакцияланып, жаңа акустикалық, компьютерлік, жарық беру технологиясы қолданылды. Қойылым – хореография тұжырымдамасы мен кейіпкерлердің ойнау, сөйлеу, ән айту тәсілдері арқылы қазақтың дәстүрлі өнерінің басымдығымен ерекшеленеді.

1

2

3

Қазақ өнерінің алтын қорына енген 2 актілі 4 көріністі операға жаңа тәсіл енгізу үшін ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе шақырылып отыр.

4

5

6

Сахнада Әйкерім Шәріпбек Жібектің партиясын орындап, тыңдармандарға нәзіктік, сабырлылық, биязылық сезімдерінің шынайылығын жеткізді. Ал Төлегеннің образын Мәдіхан Дуисеев сомдап шықты.

7

8

9

Операны тамашалауға келген көрермен залға толы болды. Мәдени кештен рухани азық алған көпшілік ерекше әсер алғандарын жасырмай, ризашылықтарын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30