Саясат • 01 Қараша, 2021

Макрон келісімді бұзған Австралия билігіне әлі өкпелі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Австралия премьер-министрі Моррисон қайықтар туралы келісімшартты бұзу туралы өтірік айтты». Макрон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Макрон келісімді бұзған Австралия билігіне әлі өкпелі

Макрон мен Моррисон екі елдің қарым-қатынасындағы дағдарыс басталғаннан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.

Француз көшбасшысы Канберра қарым-қатынастың жаңа анықтамасы бойынша нақты әрекеттерді ұсынуы керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, Франциямен сүңгуір қайықтар туралы келісімшартты бұзу жайлы шешім елдер арасындағы сенімге нұқсан келтірген.  

«Мен оны анық білемін», деді Макрон австралиялық журналист Бивен Шилдстің «Үлкен жиырмалық» саммиті аясында «Австралия премьер-министрі өтірік айтты ма?» деген сұрағына үн қатып. Сонымен бірге Макрон Австралия халқын құрметтейтінін атап өтті.

«Біз оның (Моррисон - ред.) не істейтінін көреміз... Мен жай ғана бір дүниені айтқым келеді: біреуді құрметтеген кезде сіз шынайы болуыңыз керек және осы құндылыққа сәйкес әрекет етуіңіз қажет», деп атап өтті Макрон «Қазір Австралия премьер - министріне сене аласыз ба?» деген сұраққа жауап беріп.

Өз сөзінде Австралия премьер-министрі өтірік айтпағанын және Макронға маусым айында Naval Group француз компаниясының суасты қайықтары елдің қажеттіліктерін қанағаттандырмайтынын жеткізгенін тіліне тиек етті.

Франциямен жасалған келісім Barracuda класты 12 соққы суасты қайықтарын өндіруді қарастырды. Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Австралияның келісімді бұзу туралы шешімін «арттан жасалған соққы» деп атаған болатын.