«Мен «Үлкен жиырмалықтың» жаһандық шешімдерге деген адалдығын растауды құптасам да, мен Римнен орындалмаған үміттермен кетіп барамын, бірақ ол үміттерім әлі де «сөнген жоқ», деп жазды ол Twitter-де.
«Үлкен жиырмалық» елдері қорытынды мәлімдемесінде жаһандық жылынудың 1,5 градус деңгейінде көтерілуін шектеу үшін күш салуға ниет білдірді. «Үлкен жиырмалық» мемлекеттері 1,5 градус температурада климаттың өзгеруінің салдары екі градусқа қарағанда әлдеқайда төмен екенін мойындады.
Коммюникеге сәйкес, жылымықты 1,5 градусқа дейін ұстап тұру барлық елдердің тиімді әрекеттері мен міндеттемелерін талап етеді. Ұлыбритания Италиямен серіктестікте ұйымдастырған БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының жиырма алтыншы конференциясы (COP 26) 31 қазан мен 12 қараша аралығында Глазгода өтеді. Оған 200-ге жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Конференцияда парникті шығарындыларды азайту және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мәселелері бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарлануда. Әлемдік көшбасшылардың қатысуымен өтетін саммиттің негізгі бағдарламасы 1-2 қарашаға жоспарланған.