Жекпе-жек • 01 Қараша, 2021

Ақшаға мен емес, Емельяненко құмар - UFC басшысы маңызды мәлімдеме жасады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC басшысы Дана Уайт Bellator атынан сынға түсіп жүрген аралас жекпе-жек әлемінің аңызы Федор Емельяненконы өзі басқаратын ұйымға жолатпайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақшаға мен емес, Емельяненко құмар - UFC басшысы маңызды мәлімдеме жасады

«Ол «Уайттың басында тек ақша туралы ойлар жүреді» деген әңгіме таратты. Біріншіден мен оны танымаймын, ол да мені білмейді. Бір ғана мәрте жолыққанбыз. Сол кезде мен оған ұсыныс айттым. Ақша туралы ойлаған мен емес, ол.

Ол UFC-де тым болмаса бір кездесу өткізуі мүмкін бе? Мен оған ондай ұсыныс жасағанмын. Жауап болмады. Мүмкін мен Федорға ұнамайтын шығармын. Сондықтан да ол біздің ұйымда сегіз бұрышқа шықпайды», деді ол 45 жастағы ресейлік аралас жекпе-жек шебері жайлы ойын білдіріп.