Футбол • 01 Қараша, 2021

«Крылья Советовтың» Айымбетовке аңсары ауып тұрған жоқ

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубында доп теуіп жүрген Абат Айымбетов негізі ресейлік «Крылья Советовтың» футболшысы екені баршаға мәлім. Алайда аталмыш клуб Абатқа аса қызығып тұрған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Крылья Советовтың» Айымбетовке аңсары ауып тұрған жоқ

Деректерге сенсек, Абат Айымбетов жаңа маусымда «Ақтөбе» футбол клубының жейдесін киюі мүмкін. Тіпті келіссөздер де жүргізіліп қойған секілді. Абат бұрын да «Ақтөбе» сапында жасыл алаңға шыққан. Аталмыш ұжыммен бірге ел чемпионатында топ жарған да болатын.