Коронавирус • 01 Қараша, 2021

Ақпан айынан бастап өңірлерге 19 млн-нан астам вакцина жеткізілді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпан айынан бастап өңірлерге 19 млн-нан астам вакцина жеткізілді

«Елімізде ұжымдық иммунитетті құру үшін 2021 жылдың қазан айында КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын мақсатты топ әлемдік тәжірибені ескере отырып, халықты 60%-дан астам жалпы қамту мақсатында жыл соңына дейін 11,39 млн адамға дейін ұлғайды», деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, өңірлерге 19 миллионнан астам доза жеткізілді.

«2021 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің өңірлеріне 19,2 миллионнан астам доза вакцина жеткізілді, оның ішінде І компонентті енгізу үшін 9,7 миллион доза вакцина және ІІ компонентті енгізу үшін 9,5 миллион доза вакцина. Жалпы КВИ-ға қарсы бірінші компонентпен 8,2 миллионнан астам адам егілді, тиісті халықты қамту халық санының 71,9%-ын немесе 43,4%-ын құрады, екінші компонентпен 7,4 миллионға жуық адам егілді, тиісті халықтың 64,6%-ын немесе халық санының 39%-ын қамтыды», деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.