Жекпе-жек • 01 Қараша, 2021

Ұзақ жыл әлем чемпионы болуға келдім

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC 267 турнирінен кейін әлем чемпионы атануға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұзақ жыл әлем чемпионы болуға келдім

Бүгін ол сегізбұрышта Дэн Хукерді жеңген болатын. Шайқас аяқталған соң сөз алған ол мәлімдеме жасады.

«Бұл – менің уақытым! Бұған дейін үздік он бестікке кіретін мықтылармен шықсам, бүгін алтыншы орындағы қарсыласты қапы қалдырдым. Әлем чемпионы атағына не үшін мен таласуым керек? Тоғыз жекпе-жек қатарынан жеңдім. Чендлер мен Гетжидің керемет түгі жоқ. Оларда мүмкіндік болды. Жеңілді. Бұлар спортқа бизнес деп қарайды. Ал мен тек жеңу үшін келдім. Мықтылардың кез келгенін жеңемін! Өйткені мен ұзақ жыл чемпион болу үшін жүрмін», деді ол.