Оқиға • 01 Қараша, 2021

Мексикада 4 күнде екі журналиске қастандық жасалды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада төрт күн ішінде екінші рет журналист өлтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада 4 күнде екі журналиске қастандық жасалды

Журналистерді қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Ян Альберт Хутсен Акапулькода шабуылға ұшыраған фототілші Альфредо Кардосоның ауруханада қайтыс болғанын айтты. 

Прокуратура мәлімдемесінде Cardoso жаңалықтар порталының қызметкері ауруханаға жатқызылғанын, бірақ дәрігерлер қанша тырысқанымен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын атап өтті.

Бұған дейін 28 қазанда Чиапас штатындағы Туктла Гутьеррес қаласында жергілікті газетте журналист болып жұмыс істеген Фредди Лопес Аревалоға шабуыл жасалған болатын. 

2000 жылдан Мексикада қаза тапқан журналистер саны 130-дан асты.