Осы күндері ұлттық санақтың соңғы апталары өтуде. Жаман індеттің кесірінен және басқа да себептерге байланысты бұл маңызды шараға түрлі кедергі кездеседі.

Бір апта бұрын облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарына арнайы үндеу жариялап, саяси маңызы зор мемлекеттік шараға белсенділікпен қатысуды өтінді. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен облыстық статистика департаментінің басшысы Марал Нұржауыпова журналистерге брифинг беріп, санақтың аралық қорытындалары туралы баяндап берді. Алдымен 10 жылда бір рет өткізілетін ұлттық санақтың маңыздылығы туралы сөйлеген Ғани Сақтағанұлы бұл іс-шара экономика мен саясатта стратегиялық болжамдар мен жоспарлар құру, халық санының өзгеру барысын сараптау үшін аса қажет екенін жеткізді. Бүгінгі таңға дейін солтүстікқазақстандықтардың 90 пайызы санақтан өткен екен. 8 қарашаға дейін созылатын қалған күндерде тұрғындардың санақтан толық өту қажеттігі айтылды.
М.Нұржауыпова облыс аудандары арасынан бүгінге дейін санақты аяқтауға Есіл, Қызылжар және Аққайың аудандары жақын екенін айтты. Бұлардың көрсеткіштері 98%-ға жеткен. «Онлайн санаққа ең белсенді қатысқан Ақжар, Мамлют және Уәлиханов аудандары. Ал Аққайың, Қызылжар және Есіл аудандары тұрғындарының 65-68%-ы дәстүрлі форматты таңдады. Онлайн санақтан өту мүмкіндігі 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында ұсынылған болатын. Бірақ тұрғындардың көптеген өтінішіне байланысты және санақпен халықты қамту көлемін ұлғайту мақсатында онлайн санақ осы жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды. Облыстың әрбір тұрғыны санақтан sanaq.gov.kz
сайтында өте алады», деді статистика департаментінің басшысы.
Облыста үй-үйді аралау 1 қазанда басталған. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығында барлық ақпарат бар деп, есік ашудан, сұраққа жауап беруден бас тартқан. «Алайда әрбір адам бойынша мемлекеттік органдардың барлық ақпараты құпия екенін атап өткім келеді, оны ешкім бұза алмайды. Ешқандай ақпараттық жүйеде азаматтардың діни ұстанымы, тілдерді білуі, коммуникациялармен қамтамасыз етілуі туралы деректер және т.б. жоқ. Ақпараттық жүйе қанша дамыса да халық санағын өткізу барысында алынған ақпараттың теңдесі жоқ», деді М.Нұржауыпова.
Санақ өткізу әдіснамасына сәйкес 8 қарашаға дейін бақылап аралау қарастырылған. Яғни тағы бір аптаға жақын уақыт бойы үйлерді аралау жалғасады. Әрбір қазақстандықты қамтитын маңызды іс-шараның абыроймен өткені қажет.
Солтүстік Қазақстан облысы
Алматы облысы Қарасай ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысады
Елбасы • Бүгін, 12:01
Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді
Аймақтар • Бүгін, 11:38
ШҚО-да қаңғыған ит-мысықтарды аулауға 150 млн теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 11:30
Дизельді заңсыз сатқан кәсіпкерге үкім шықты
Қоғам • Бүгін, 11:23
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар