Қоғам • 02 Қараша, 2021

Заңсыздықтың алдын алды

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның көптеген азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидекті сырт елдерден импорттайтыны белгілі. Алайда ағылып келетін өнімнің арасында мерзімі өткен, жеуге жарамсызы да жетерлік. Әрі оны дер уақытында анықтай білу маңызды. Осы ретте агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қырағылығын атап өту маңызды.

Заңсыздықтың алдын алды

Аталған бөлімшелер каран­тин­дік фито­санитарлық бақылауды жү­зеге асыру кезінде карантинге жат­қызылған 1,6 мың тоннадан астам им­порттық өнімді ұстаған. Ка­ран­тин­ге жатқызылған өнім Ресей, Қырғызстан, Қытай, Польша, Литва және Түркиядан әкелініпті.

«Фитосанитарлық қаупі жоға­ры, карантинге жатқызылған өнім­ді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелудің 76 факті­сі белгілі болды. 55 жағдайда фи­то­­­сани­тарлық тәуекелі жоғары ка­­ран­­тинге жатқызылған өнім­ді әкелу кезінде фитосанитарлық сер­­­ти­­фи­кат­тардың жоқтығы анық­тал­ды. Оның ішінде, Ресей Феде­ра­циясынан 0,9 мың тонна қыза­нақ, сәбіз, қырыққабат, бұрыш, қызылша, алма, алмұрт, қара өрік, банан, сондай-ақ бидай мен арпа, Қырғызстаннан 3 тонна алма, пісте және күріш импорты кезінде, Қытай Халық Республикасынан 147 тонна бадам, асқабақ шемішкесі, жаңғақ және кептірілген манго және Поль­шадан әкелінген 5,2 тонна жемістің фи­то­санитарлық сертификаты бол­май шық­ты», делінген Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ Қырғызстаннан 24 тонна алма мен кептірілген жемістер және Ресей Федерациясынан 0,5 тонна көгал шөп тұқымын әкелу кезінде де тауарлық белгісі жоқтығы анықталған. Ал Ресейден 422 тоннадан астам бидай, арпа, мақсары және кебек, Түркиядан 19,4 тонна інжір және Литвадан 0,2 тонна көкөніс импорты кезінде карантинге жатқызылған өнім қайталама тек­серуге ұсынылмаған. Осыған орай өсімдіктер карантині сала­сын­дағы заңнаманың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, 4,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Бұл ретте ведомство жыл басынан бері өсімдіктер карантині саласында 5 мыңнан астам заң бұзу­шылық анықталып, 375 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынғанын хабарлайды.