Қазақстан • 02 Қараша, 2021

ҮЕҰ академиясында біліктілігін жетілдірді

289 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «ҮЕҰ академиясының» жұмысы қорытындыланды. Биыл наурыз айында үкіметтік емес секторды дамыту мақсатында «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі қолға алған «ҮЕҰ академиясы» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен басталған болатын.

ҮЕҰ академиясында біліктілігін жетілдірді

Жобаның серіктестері болып табылатын ALMAU саясат және құқық мектебі, Астана ха­лық­ара­лық университеті, «Қа­зақ­с­тандық медиация орта­лы­ғы» ЖМ, SmartCharity қоғамдық қоры, «Белес» талдау және стратегия орталығы» қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін кәсіби тұрғыда оқыту ісінде белсенділер қатарынан табылды. «ҮЕҰ академиясы» жобасы басталғаннан бері жалпы білім беру компонентін игеру, әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және тренерлерге арналған тренингтер өтті. Осылайша, сегіз ай ішінде ел өңірлерінде орналасқан үкіметтік емес ұйымдардың мың­нан астам өкілдері арнайы бі­лік­­тілік тренингтерінен өтіп, сер­ти­фи­катқа ие болды.

Түлектерді марапаттау салтанатында Ақпарат және қо­ғам­дық даму вице-министрі Болат Тілепов «ҮЕҰ академиясы» азаматтық қо­ғам­ды дамытудағы маңызды әрі елі­міздегі үкіметтік емес ұйымдар үшін ауқымды жоба екенін атап өтті. Бүгінде тиісті министрліктің қолдауымен ҮЕҰ қоғамдағы рөлі артып ке­ле­ді. Ал салада еңбек етіп жүр­­ген мамандардың кәсіби бі­лік­тілігі келешегіміз үшін аса м­а­­ңызды.

Академия жұмысы аясында зерт­теулер жасалып, цифрлы ба­ғыт­­тағы, сонымен қатар мо­биль­ді қосымшалар арқылы жұмыс істеу тәжірибесіне көп көңіл бө­лін­ді. ALMAU ректоры Гүлнар Кү­­ренкеева үкіметтік емес сектор үшін маңызды жобаның аза­мат­тық қоғамды дамытудағы әле­уетіне, сонымен бірге осы ака­­­­демия аясында қамтылған бағ­­­дар­ламалардың ерекшелігіне тоқ­­та­лып өтті.

­Ал жобаның міндеттері тура­лы таныстырған жоба жетек­ші­сі Ирина Виговская аза­мат­тық сектордағы білім беру қыз­мет­те­рінің қажеттілігіне зерттеу жүр­гізу, ҮЕҰ өкілдеріне қа­шық­­тықтан және мобильді оқы­туды ұйымдастыру, жаттық­ты­ру­шыларды оқыту мәселесіне ден қойып, осы бағыттағы мін­дет­тер­дің барлығы дерлік орын­дал­ғанын жеткізді. Оның айтуынша, жоба таяу келешекте азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік пен азаматтардың өзін өзі ұйымдастыру тетігін кү­шей­туге, халықтың мемлекеттің эко­номикалық саясатына деген сенімін қалпына келтіруге, сондай-ақ ҮЕҰ-ның қаржылық, кадрлық, материалдық және материалдық емес ресурстарын басқару тиім­ді­лігін арттыруға мүмкіндік бе­ре­ді. Сондай-ақ И.Виговская Қа­зақстанда бейімделген оқыту курсы бар мобильді қосымша іске қо­сылатынын атап өтті. Қазіргі уа­қыт­та ол тестілеу режімінде жұ­­мыс істейді.

Білім беру бағдарламаларын іске қоспас бұрын қандай салаларда білім мен тәжірибе же­тіс­пей­тінін анықтауға көмек­те­с­етін ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарының да жүр­гі­зіл­ге­нін атап өткен жөн. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сарапшылар оқыту та­қы­­рыптарының тізімдемесін жа­сады. Жалпы білім беру ком­по­­нентінде әрқайсысы 5 тре­нинг­тен тұратын 8 білім беру моду­лі қарастырылған. Оқыту та­қырыптарының қатарына маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және басқалар кіреді. Осы орайда 811 адам арнайы сертификатқа ие болды.

Қазақ және орыс тілдерінде үш лекте ұйымдастырылған «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқыту жеке бағытта өтті. Мұнда ҮЕҰ-ның 167 өкілі әлеуметтік маркетинг, қаржылық сауаттылық, тиімді басқару және тағы басқа салалар бойынша заманауи білімді игерді.

«Бүгінде әлеуметтік кәсіп­кер­лік идеясы көптеген алдыңғы қатарлы елдердің саясатында же­­тек­ші мәнге ие. Әлеуметтік биз­нес елдегі әлеуметтік сая­с­­ат­тың тұжырымдамасы мен көрінісін өзгерту құра­лы­на айналуда, әлеу­меттік икем­ділікті, интегра­ция­ны да­мы­туға, жұмыспен қам­туды ұл­ғай­тып, кедейлікті азай­ту­ға, ха­лықты жандандыруға, қоғам­ның инновациялық дамуына ықпал етеді. Мұндай жобаны қолдау халықты экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орын­­да­рын құруға, әлеуметтік нақ­ты мә­се­­лелерді шешуге тар­туға мүм­кін­­дік береді», деді өз сөзінде жоба се­ріктесі, «Астана» халықаралық уни­верситетінің президенті Серік Ырсалиев.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бо­йын­­ша үйлестіруші Зубираш Сма­ғұлова қазақ және орыс тіл­дерінде үш лекте ұйым­д­астырылған «Өре­лі ұрпақ» әлеуметтік кәсіп­кер­лік мектебін­де­гі білім беру барысына кеңінен тоқталып өтті. Жоба аясында «Тренерлерге арналған тренинг» бағдарламасы – білікті тренерлерді дайындауға және олар­дың жеке оқыту курстарын әзірлеуге бағытталды. Бағдарлама бойынша 42 қатысушы оқытылды. Тренерлер тәлімгерлермен бірге жұмыс істей отырып, авторлық тренингтерін өткізу мүмкіндігіне ие болды.

«ҮЕҰ академиясының» түлек­те­рі жоба аясында қазақ тілін­дегі бағдарлама, оқу құрал­да­рының жеткі­ліксіздігіне тоқталып, алда­ғы уақытта осы мәселеге кеңі­нен назар аудару қажеттігімен қатар, са­лада қаперге алатын мәсе­ле­лер­ді атап өтті.

 

АЛМАТЫ