Коронавирус • 02 Қараша, 2021

Қарашада қайталап егіледі

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация қараша айының үшінші онкүндігінде басталатыны айтылды. Маман-дәрігерлер тұрғындарға кросс-ревакциналаудан өтуді ұсынып отыр.

Қарашада қайталап егіледі

Бұл іс-шараның артық­шы­лы­ғы неде және қандай себептермен қайта иммундау қа­жет­тілігі туын­дай­тыны жайлы ин­фекционист дәрігер, медицина ғы­лым­дарының док­торы Розалия Бегайдарова егжей-тегжейлі тү­сін­діріп берді.

– Кросс-вакциналаудың өзі адам­ға бұрын алмаған препаратты егу дегенді білдіреді. Егер адам алғашқыда Спутник V векторлық вакцинасын алса, онда белсенді емес – QazVac, Pfizer, Hayat-Vax және басқа да елімізде бар препа­рат­тарға жүгінуі керек. Яғни олар­­ға қайта вакциналаудан өту ұсы­­нылады.

Қазіргі таңда мамандар әлем­­­де жаңа штаммдардың пай­­да болғанын айтып, дабыл қағуда. Міне, сол себепті қай­та екпе алу ағзаны қорғау үшін антиденелердің жеткілікті дең­гейінің қалыптасуына мүм­кін­дік беретінін мәлімдеуге мәжбүр.

Бірден айта кету керек, ревакцинациядан өту ерікті негізде және барлық егу тегін болады. Мамандар қайта иммундау мер­зі­мі екі дозаны алғаннан кейін алты айдан тоғыз айға дейін созылатынын айтады. Оның ұзақтығы алғашқы алынған вакцинаға байланысты. Мәселен, Спутник V екпесінен кейін тоғыз ай күту керек, ал басқа жағдайда алты айдан кейін вакцина ала беруге болады.

Қайталап екпе алудан ең алдымен дәрігерлер, педагогтер, құ­қық қорғау құрылымдарының қызметкерлері және қызмет көр­­се­ту саласында жұмыс іс­тейтіндер өте­ді. Бұлар коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдар санатына жатады.

 

Қарағанды облысы