Халықпен тығыз қарым-қатынас жасап отырған отандық банктер үшін теңге бағамы пәлендей қауіп тудырмайтындығын еске салғым келеді. Ұлттық валюта бағамына өзгеріс енгізу қай мемлекет үшін де оңай жасала салатын тәуекел емес. Алайда, бұл қадам ел экономикасы үшін өзіндік пайдасы бар, адам организмін «қан алдыру» арқылы қалай сауықтырар болсақ, ұлттық валюта бағамына өзгеріс енгізу арқылы отандық экономиканы бір мәрте жандандырып алатынымызды айтқым келеді.
Апта басында болған оқиғалар, әсіресе, ғаламтор мен ұялы байланыс арқылы таралған жалған ақпараттың салқыны бізге тікелей тигені рас. Десек те, біз өзіміздің қаржылық қорымыз бен дұрыс жолға қойылған банктік жүйенің арқасында өз салымшыларымызды да, қаржы әлеміндегі әлеуетімізді де сақтап қала аламыз.
Нақты айта кетер болсақ, «Банк ЦентрКредиттің» былтырғы таза пайыздық пайдасы 3 есеге өсіп, жыл басында 1,4 пайыз болса, бұл көрсеткіш жыл соңында 4,3 пайызға артып отыр. Бұл активтік кіріс көлемінің артуы және міндеттеме бағасын төмендетудің нәтижесі. Активтердің кірісі 6,8 пайыздан 9 пайызға өссе, ал міндеттемелер 5,8-ден 5,2 пайызға төмендетіліп отыр. Осының нәтижесінде 2013 жылы несиелік портфель көлемі 32 миллиард теңгеге артып, жеке салымшылардың депозиттері 29 миллиард теңгеге өсті. Банк өз міндетіндегі жалпы сомасы 19 миллиард болатын 3 бірдей сыртқы қарызын уақытынан бұрын жауып, сыртқы қарыз үлесін 3 пайызға төмендетіп отыр. Міне, мұндай банкте банкроттық әрекет қайдан болады?!
Тағы бір маңызды ақпаратты айта кетейін. Біздің банктің акционерлері қатарында Оңтүстіккореялық Кукмин Банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы секілді ірі акционерлер бар. Бір ғана кореялық банктің актив қоры 250 миллиард АҚШ долларымен бағаланып отырғанын ескерсек, «Банк ЦентрКредит» еліміздегі өміршең қаржы институттарының бірі болып қала береді деген сеніміміз ұлғая түседі.
Алғаш арандатушы ақпарат туралы естігенде әуелі ренжіп, сосын таң қалдым. Өйткені, өзің басқарып отырған қаржы мекемесі туралы сарапшылардың пікірінің өзі кейде бүйіріңе батып тұрады. Ал, ғаламтор мен ұялы қызметті пайдаланып, жемісті жұмыс істеп тұрған банк туралы жаман хабар таратушыларға не деуге болады? Таң қалғаным, мұндай қадамды жасау үшін жан-жақты ойлап, белгілі бір мүдденің аясында қимылдайтыны белгілі, ал бұл кімге керек болды екен? «Қазақ елінің банктік жүйесін кімдер шайқалтқысы келеді?» деген сауал көңілімді даң етті. Әрине, банктегі жұмыс мәнеріне артық жүктемелер көбейе бастаған соң, тиісті жерлерге ресми түрде хат жолдап, банк басшысы ретінде мәселенің қолдан жасалып отырғанын, ел ішіне таралған ақпараттың негізсіз екенін мәлімдеуге мәжбүр болдым.
Жазып алған
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 20 Ақпан, 2014
«Банк ЦентрКредиттің» басқарма төрағасы Владислав ЛИ:«Бағам өзгерсе де ұлттық валюта ел экономикасына қызмет ете береді»

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13