Әлем • 02 Қараша, 2021

Трамп Байденді «түйреп» өтті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің мемлекет басшысы ретіндегі мұрагері Джо Байден климат тақырыбы көтерілген саммитте «іші пысқандықтан» көзі ілініп кеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп Байденді «түйреп» өтті

Әлеуметтік желілерде тараған саммиттің бейнетрансляциясында 78 жастағы АҚШ президенті бір сәтке ресми кездесуде қалғып кеткені байқалады. Бірнеше секундтан соң ол көзін ашып, арада көп уақыт өтпей қайта қалғиды. Ол екінші рет көзін жұмғанда жарты минуттай ұйықтап алған.

Бейнежазбада көрінгендей, дәл осы сәтте Байденге АҚШ делегациясының мүшесі келіп, Президенттің құлағына сыбырлады.

Конференцияда сөйлеген сөзінде Байден әлемдік қауымдастықтан Трамптың елді Париж климаттық келісімінен шығару туралы шешімі үшін кешірім сұрады.

«Тіпті Байденнің өзі жалған жаһандық жылыну туралы әңгімені бірнеше рет тыңдауға шыдай алмады. Байден Еуропаға барып, жаһандық жылыну әлемдегі маңызды мәселе екенін айтты. Бірақ, конференция үстінде, әлем алдында ұйықтап қалды. Бұл мәселеге шынайы көзқарасы бар адам ешқашан ұйықтай алмайды!» деді Трамп.