Медицина мамандарын даярлауға арналған гранттар мен білім беру бағдарламаларының санын арттыру, ауруханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және партияның сайлауалды уәделерінің басқа да пункттерін «Nur Otan» жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 4 тармағын орындады. Егде адамдардың ауруларын емдеуге маманданған медицина мамандарын даярлаудың 3 білім беру бағдарламасы әзірленіп, медицина қызметкерлерін, оның ішінде арнаулы салаға маманданған кадрларды даярлауға 4685 грант бөлінді.
Салалық ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, 3 зертхана жоғары технологиялық жабдық алған, ал аудандық ауруханалар мен перзентханалар қажетті жабдықпен 76,8%-ға қамтамасыз етілген.
«Биыл 1000 дана босандыру жабдығы, 75 рентген аппараты және 16 компьютерлік томограф сатып алынды. Сонымен қатар, арнаулы салаға бейінделген мамандарды даярлауға гранттар бөлу кезінде өңірлердің өтінімдеріне сүйенетінімізді атап өткім келеді. Мысалы, педиатрия бойынша резидентурада оқуға 111 өтініш түсті», деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
Осы орайда Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Лариса Павловец арнауы салаға бейінделген медициналық мамандарға деген облыстардағы сұраныстың аздығына қатысты өз алаңдаушылығын білдірді.
«Педиатрлар іс жүзінде жоқтың қасы, енді екі жыл ішінде балаларымызды емдейтін ешкім болмайды. Осы 111 адамның барлығы өз мамандығы бойынша жұмыс істейтініне кім кепілдік бере алады? Жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау басқармалары гранттарға өтінімдер беру кезінде барынша мұқият болуы керек деп ойлаймын», деді Лариса Павловец.
Отырыс барысында партиялықтар темекі өнімдерін жарнамалауға және орналастыруға тыйым салу мәселесін де көтерді. Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Махамбет Мыңбаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы норма барын және сатушылар сатып алушыға тауарды еркін таңдауды қамтамасыз етуі тиіс екенін, тауарды орналастыру реті – бұл сатушының міндеті және ол жарнама болып табылмайтынын алға тартты.
Кеңес төрағасының орынбасары Жәмила Садықова онымен түбегейлі келіспеді. Ол 2006 жылы Қазақстан ДДҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын ратификациялағанын еске салды. Оған сәйкес тауарды орналастыру реті жарнама болып табылады.
Осы тұста Жәмила Садықова бизнес субъектілеріне темекі өнімдерін сатудың жаңа ережелерін сақтау туралы түсіндірме хат жібермеген Сауда министрлігінің жұмысын да сынға алды. Оның айтуынша, бұл тапсырманы Премьер-министрдің бірінші орынбасары 6 тамызда берген. Осыған байланысты вице-премьердің атына тиісті шағым жолданады.
Жиын қорытындысы бойынша кеңес Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда министрлігіне пәрменді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ал Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық техникамен жабдықтау деңгейі төмен аудандардағы ахуалды түзету жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Ұқсас жаңалықтар