Оқиға • 02 Қараша, 2021

Қарағандыда ер адам тапаншамен ЖШС директорын атты

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында ер адам тапаншамен ЖШС директорын атты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда ер адам тапаншамен ЖШС директорын атты

Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал шығып, қару қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы шықты.

Онда ЖШС-ның 30 жастағы директоры мен бір кісі арасында жанжал шыққанын айтты. Ерегіс барысында қаскүнем «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жарақат алған ер адам медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқан жоқ. Полицейлер 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен («Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.