2013 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 216-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарық субъектілері қызметінің даму үрдістері» деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағымдағы жағдайды талдау және табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарық субъектілері қызметінің даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету.
1. Табиғи монополиялар субъектілері және реттелетін нарық субъектілерінің реттелетін қызметтерін дамытудың негізгі параметрлері.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асырады.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес 2009 жылы табиғи монополиялар салаларында 1076 табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – ТМС), 2010 жылы 1077 ТМС, 2011 жылы 1103 ТМС өз қызметтерін жүзеге асырды, ал 2012 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін ТМС 1194-ке, 2009 жылы 1628-ге, 2010 жылы 1634-ке, 2011 жылы 1103-ке және 2012 жылы 1627-ге дейін өсті.
Заңнаманы жетілдіруді ескере отырып, инвесторларды тарту мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялардың салыстырмалы талдау әдісі (бенчмаркинг) бойынша тарифтер енгізуі мүмкін болды. Осы әдістің артықшылығы шешімдерді қабылдау кезінде «адам факторын» барынша азайту болып табылады.
Алдағы уақытта реттеуді ынталандыру әдістерін кеңейту жоспарлануда.
Реттелетін сектордың инвестициялық тартымдылығы және оны жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1779 қаулысымен бекітілген 2013-2015 жылдары суға тариф белгілеудің жаңа тетігін енгізудің кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) қабылданды.
Кешенді жоспарда су арналарын жаңғырту мен реконструкциялау, табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Олардың мақсаты суды үнемдеу, инвестицияны қаржыландыру көздерін ұлғайту болып табылады.
Тағы бір жаңа реттеу әдісі қуаты шамалы табиғи монополиялар субъектілерінің өтінім беру науқанынан хабарлау сипатына көшуі болып табылады.
Тарифтер өсуінің басты факторы жылу желілеріне, су арналары желілеріне көңіл бөле отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңарту және жаңғырту үшін инвестицияларды тарту, бұл бүгінгі күні ең жоғарғы тозу болып отыр. 2010 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция 135,4 млрд. теңгені, 2011 жылы 143,7 млрд. теңгені, ал 2012 жылы 208,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен кезеңнен 46 %-ға немесе 66 млрд. теңгеге артық.
2009 жылы базалық табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен тыс ысыраптарының деңгейі электр желілерінде 19,3 %-ды, жылу желілерінде 26,2 %, су шаруашылығы желілерінде 27,6%-ды, тиісінше 2010 жылы 18,1 %, 24,7%, 25 %-ды, 2011 жылы 16,8 %, 23,2 %, 23 %-ды, 2012 жылы 15,8 %, 21,4 %, 21 %-ды құрады.
2009 жылы базалық табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен тыс ысыраптарының деңгейі электр желілерінде 2,1 %, жылу желілерінде 7,0 %, және су шаруашылығы желілерінде 4,47 % болды, тиісінше 2010 жылы 1,4 %, 6,9%, 4,15 %-ға, 2011 жылы 1,5 %, 2,5 %, 1,0%-ға, 2012 жылы 1,0 %, 5,5 %, 3,89 %-ға төмендеді.
Тұтынушыларды тарифтердің тұрақтылығымен және болжамдылығымен қамтамасыз ету, инвестицияларды салу есебінен активтерді жаңғыртуға қызмет сапасын арттыру үшін Агенттік (орта мерзімді және ұзақ мерзімді) инвестициялық тарифтер бекітеді.
Сонымен 2009 жылы 18 базалық ТМС орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеді, осы көрсеткіш 2010 жылы 25 ТМС, 2011 жылы 51 ТМС құрады, ал 2012 жылы инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің саны 59-ды құрады, оның ішінде 45 табиғи монополия субъектілері базалық болып табылады. Тарифтерді өзгерту бойынша барлық қолданылған шешімдер инфляциядағы мақұлданған дәліз шеңберінде жүзеге асырылады.
2013 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте 2013 жылға арналған Агенттік реттейтін қызметтерден инфляцияға үлес дәлізін мақұлдады, бұл 1,2 %-ды құрайды, іс жүзінде 2012 жылға 1,166 %-ды құрады.
Сондай-ақ статистика деректері өткен жылдар бойы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге бағалардың өсуі инфляция қарқынынан неғұрлым көтерілмей, аса төмен деңгейде болғанын куәландырады. Электр энергиясының бағасына қатысты генерация саласын жаңғырту бүгінгі күні елдің энергияға тәуелділігінен арылуға мүмкіндік береді.
ТМС-ның қызмет тиімділігін арттыру және реттелетін тарифтердің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Агенттік мына:
1) реттелетін секторды жаңғыртуға;
2) ынталандыратын реттеу әдістерін қолдануды кеңейтуге;
3) «жасыл» экономикаға көшуге жәрдемдесу – электр энергиясы мен суды үнемдеуге;
4) электр, жылу және су шаруашылығы желілерінде базалық ТМС нормативтен тыс ысыраптарын (олар болған кезде) кезең-кезеңмен жоюға және нормативтік техникалық ысыраптарын төмендетуге;
5) базалық ТМС-ның шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландыруға;
6) орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін базалық ТМС санын ұлғайтуға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін монополиялық секторды мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту Агенттік қызметінің бірден бір негізгі және басым бағыттары болып табылады. Агенттікке тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы міндет қойылған.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында халықтың хабардар болуы, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, субъектілердің қызметін бақылау және заңнаманы бұзған жағдайда ден қою шараларын қабылдау бөлігінде нормалар көзделген.
Осыған байланысты:
1) тұтынушылардың қатысуымен тарифтерді өзгерту бойынша жария тыңдау өткізіледі (2012 жылы 464 жария тыңдау өткізілді);
2) субъектілер жыл сайын тұтынушыларға есеп береді (2012 жылы 723 есеп берілді);
3) 192 субъектіге уақытша төмендету тарифтері бекітілді. Тұтынушыларға қайтарылған жалпы сома 2 млрд. теңгені құрады;
4) тарифтік смета коммерциялық құпия болып танылмайды;
5) сараптамалық кеңес отырыстары өткізіледі, тұтынушылар тарифтер мен бағаларға сараптама жүргізу үшін осы отырыстарға қатысады (16 өңірлік және 3 республикалық Сараптама кеңестері жұмыс істейді);
6) 36 дәрістік топ құрылып, қала, аудан тұрғындарымен 1150 кездесу өткізілді, осы кездесулерге 20 мыңнан астам адам қатысты.
Заңнаманың сақталуын бақылау және тұтынушылар құқығын бұзуға жол бермеу мақсатында 2012 жылы 471 тексеру жүргізілді, заңнама бұзушылығын жою туралы 744 нұсқама енгізілді, әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысты 382 қаулы қабылданды, 376 сот талқылауына қатысылды. 205 млн. теңгеден асатын айыппұл санкциялары өндіріп алынды.
Тұтынушыларға жағдай жасау мақсатында оларға тұтынушы калькуляторы дайындалды, ол әрбір азамат Агенттіктің Интернет-ресурсы арқылы бірнеше минут ішінде төлемақы дұрыстығын тексере алады.
Агенттік сайтында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалары, инвестициялық бағдарламалары орналастырылады, ал тексеру нәтижелері бойынша әрбір іс-шара бойынша олардың орындалуы туралы есептер орналастырылады.
Лицензияланатын қызмет түрлерін қысқартуға бағытталған рұқсат беру жүйесін жетілдіру мақсатында Агенттік белгілі бір жұмыс жүргізді. Сонымен, егер 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін Агенттік лицензияланатын 21 кіші көрсетілетін қызмет түрін қамтитын 6 көрсетілетін қызмет түрін жүзеге асырса, 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап осы көрсетілетін қызмет түрлері 4 кіші көрсетілетін қызмет түрін қамтитын 4 көрсетілетін қызметке дейін қысқартылды, ал 2012 жылғы 10 тамыздан бастап 2 кіші көрсетілетін қызмет түрін қамтитын 2 көрсетілетін қызметке дейін қысқартылды.
Қазіргі уақытта лицензияларды беру электрондық форматта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған рұқсат беру жүйесін жетілдіру мақсатында Агенттік белгілі бір жұмыс атқарды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Агенттік Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі әзірлеген «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ») ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша пилоттық жобаға енгізілді.
«Электрондық үкімет» веб-порталын құру билік органдарының жұмысын азаматтар үшін аса тиімді, ашық және қолжетімді болу үшін қажет болды. Бұрын әрбір мемлекеттік орган «өздерінше өмір сүрді» және қалғандарына аз әсерін тигізді, ал азаматтарға барлық мүмкін болатын анықтамаларды, растауларды және өзге қағаздарды жинау үшін көптеген инстанцияларды жинақтауға тура келді. Бұның бәрі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті мекемелер бойынша үздіксіз жүру арқылы алу процесіне айналды.
«Электрондық үкімет» веб-порталы – бұл мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен ақпараттық технологиялардың көмегімен олардың келісімін қамтамасыз ететін бірыңғай тетік. Атап айтқанда, бұл тетік мемлекеттік мекемелерде кезектерді қысқартуға және анықтамаларды, куәліктерді және рұқсат беру құжаттарын және т.б. алуды оңайлатуға және жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Бұрын лицензия іздеушіге лицензиарға құжаттарды қағаз жеткізгіште жолдауға арналған құжаттарды жинақтауды жүзеге асыру талап етілді, бұл ретте осы мақсаттар үшін ілеспелі шығындар, көп уақыт кетті.
«Электрондық үкімет» веб-порталы шеңберінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты лицензияны алу рәсімі көлікке шығыстарды қысқарту, өтінімдерді өңдеу уақытын, өтінімдерді қарауға және дайын құжаттарды беруді жеделдету жағынан барынша оңтайландырылды және ең маңызды аспект – мемлекеттік органмен өтініш берушінің тікелей байланысын алып тастау, бұл мүмкін сыбайлас әрекеттер фактілерін нақты болдырмайды.
Қазіргі кезде Агенттікке «Е-лицензиялау» МДҚ» АҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өтініштер түседі.
Ө кезегінде осы өтініштерді «Е-лицензиялау» МДҚ» АҚ арқылы тиімді, бірақ лицензияларды беруге құжаттар электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды сұрауға бекітілген электронды сканерленген көшірмелер түрінде ұсынылады, бұл ақшалай қаражатты, уақытты үнемдеуге, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың шынайылығын растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Агенттік бизнес-процестерді оңтайландыру, «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» және «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тұрғындардан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде кейбір құжаттарды мәлімет нысанына ауыстыру арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізді.
Бүгін тарифтерді бекіту кезінде қоғамдық ұйымдар мен тұтынушылардың қатысуы барлық өңірлерде Сараптамалық кеңестің жұмыс істеуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің барлық жобалары сараптама үшін аккредиттелген қоғамдық ұйымдарға жолданады.
«Атамекен» одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасымен, сондай-ақ Қазақстан тұтынушылары лигасымен Меморандумдарға қол қойылды. Агенттік және «Көмекші» қауымдастығы бірлескен іс-қимыл шараларын жүзеге асыру жоспарын қабылдады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатында Агенттік:
1) тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
2) тарифтік сметада көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуге;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар рөлін арттыруға;
4) тұтынушылар ретінде өздерінің құқықтарын қорғау саласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуге;
5) рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.
ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграциялық процестер бірлескен, бірін-бірі толықтыратын өндірістер құру елдің экономикалық әлеуетін ашу, сондай-ақ өзара сауданы тиімді шарттармен жүзеге асыру арқылы жоғары бәсекеге қабілетті әлемдік нарыққа шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан үшін Кеден одағында жұмыс бұл – Кеден одағы елдерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді белгілеу.
2011 жылғы 2 шілдедегі № 451-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім, 2011 жылғы 8 шілдедегі № 458-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім, 2011 жылғы 28 маусымдағы № 446-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігі саласындағы табиғи монополия қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім табиғи монополиялар туралы заңнаманы жақындатуды (үйлестіруді) болжайды.
Агенттік қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) бәскелестікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында табиғи монополиялар салаларын қысқарту, бәсекелестік жағдайлары бар және дамыған салаларды ғана жүзеге асыру қажет. Өз кезегінде бәсекелестік жоқ табиғи монополиялар субъектілерін реттеуден шығару табиғи монополия субъектілері тарифтерінің бақыланбайтын өсуіне және заңнамалық шектеулердің қатарынан алып тастау есебінен одан әрі ауқымды монополияландыруға алып келеді.
Мысалы, табиғи монополиялар субъектілерінің бірқатары жылу энергетикасы (жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау) саласында қызметтердің толық циклдерін көрсетеді. Осыған байланысты бәсекелестік ортаға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті бөліп шығару орынсыз және жылу энергиясына тарифтердің өсуіне алып келеді.
Бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесуді Агенттік реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне негізделген бағаларды белгілеу және реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Табиғи монополиялар салаларында қазіргі уақытқа дейін өндірістердің тозуы және технологиялық артта қалушылық проблемасы және осыған байланысты төмен тиімділік және ысыраптар бар.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60-65 %-ды құрайды. Тұтастай алғанда, 2010-2012 жылдарға арналған коммуналдық сектордың базалық субъектілері бойынша тозу көрсеткішінің серпіні оның төмендеуін (жылына 1 %-дан көп емес) куәландырады.
Негізгі құралдардың жылдар бойы жиналған тозуын тариф арқылы шешу мүмкін болмай отыр, бұл реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуіне алып келеді.
Тұтынушылар ресурсының шектеулі екенін ескере отырып, Агенттік активтерді аса ауқымды жаңғырту үшін ТМС-ның қарыз қаражаттарын тартуы жөніндегі жұмысты жүргізіп отыр.
Өндірістік активтердің жай-күйлерімен субъектілердің желілеріндегі ысыраптардың жоғары деңгейлерінің өзара байланыстылығы проблема болып қала беруде. 2014 жылғы 1 қаңтарда базалық субъектілерде нормативтен тыс ысыраптарды жою күтілуде. Сонымен бірге әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда нормативтік техникалық ысыраптардың жоғарғы деңгейін атап өту қажет.
2012 жылдың қорытындысы бойынша:
1) базалық табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарының деңгейі электр желілерінде - 13,62 %, жылу желілерінде - 19,78 % және су шаруашылығы желілерінде -19,06 %;
2) базалық табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен тыс ысыраптарының (олар болған кезде) деңгейі электр желілерінде - 0,16 %, жылу желілерінде - 2,32 %, және су шаруашылығы желілерінде - 1,74 %.
Есептеу аспаптарын жарақтандыру әлі де проблемалық мәселе болып отыр. Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарымен орташа жарақтандыру 41 %-ды, суды жеке есептеу аспаптарымен – орташа есеппен 85 %-ды құрайды.
Бүгін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында заңнаманың сақталуын бақылауды әртүрлі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тұтынушылардың шағымдары бойынша ден қою шаралары нәтижесінде нақтылы, жүйесіз сипатқа ие және көптеген жағдайда әкімшілік ресурсты пайдалануға негізделген.
Агенттік 2012 жылы түскен өтініштерге талдау жүргізді. Өтініштердің жалпы санынан шағымдар 7 %-ды құрайды. Бұл ретте шағымдардың 40 %-ы бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардың құзыретін қозғайды. Өтініштердің жалпы санынан (8491) шағымдар 7 %-ды (немесе 599 дана), оның ішінде жеке тұлғалардан – 61 %-ды (немесе 366 дана) және заңды тұлғалардан - 39 %-ды (193 дана) құрайды. Шағымдардың ең көп саны Астана қаласына (19 %), Жамбыл (18 %), Қостанай облыстарына (16 %) және Агенттіктің орталық аппаратына (14 %) түсті. Экономиканың салалары бойынша электрмен жабдықтау (46 %) және жылумен жабдықтау (26 %) саласына шағым түседі.
Шағын және орта бизнесті дамытуды, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын тежейтін факторлардың бірі ТМС-ның тұтынушыларды инфрақұрылым желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен қағидаларын бұзуы немесе басқа сөзбен айтқанда кәсіпкерлік қызметінің жаңа объектісінің жұмыс істеуін әртүрлі кідірту.
3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Табиғи монополиялар субъектілері жұмыс істейтін салаларда еліміздің барлық экономикасы мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндіру жөніндегі ресурстар шоғырланған. Субъектілер су мен жылу энергиясын жеткізеді, электр энергиясын береді және таратады, мұнай мен газды тасымалдайды, көлік қызметтерін көрсетеді.
2012 жылғы шілдеден бастап «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерді ескере отырып, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын Агенттіктің аумақтық департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бекітеді.
Бұл:
1) инвестициялық бағдарламаларды бекіту рәсімін жеңілдету және салалық министрлікте бекіту кажеттілігін алып тастауға;
2) жергілікті атқарушы органдармен МКК инвестициялық қызмет басымдылығын айқындауға;
3) инвестициялық міндеттерді орындауды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Заңнаманы жетілдіруді ескере отырып, сараланған тарифтерді енгізу мүмкін болды:
1) электр энергиясына – әлеуметтік жағынан осал халық топтары үшін электр энергиясына ақы төлеу кезінде қолайлы жағдай жасау мақсатында тәулік зоналары бойынша (барлық өңірде), тұтыну көлеміне қарай (халық үшін 3 деңгейлі тарифтер);
2) суға – тұтынушылар топтары бойынша, тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметтеріне неғұрлым жоғары тариф белгіленетін өндірістік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарды суды үнемдеп тұтынуға ынталандыруға бағытталған есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай (6 өңірде енгізілді);
3) жылу энергиясына – есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай (6 өңірде енгізілді). Енді үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұтынушылар осы есептеу аспаптарын орнатудан бас тартып отырған тұтынушыларға қарағанда аса төмен тарифпен ақы төлейтін болады.
Тұтастай алғанда, сараланған тарифтерді енгізу нәтижесі электр энергиясының (2012 жылы 163,8 млн. кВт сағ. жуық), су 17 %-ға дейін (2012 жылы 2 млрд. теңге), отынның (2012 жылы отын 41 мың тоннаға жуық) үнемі, тұтынушылар қаражаттарының үнемі 2012 жылы электр энергиясы есебінен 1,5 млрд. теңгеге жуық), есептеу аспаптарын орнатуға ынталандыру және тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау мүмкіндігі болып табылады.
Табиғи монополистерге мемлекеттік ықпал етудің ерекше тәсілі болып міндетті қызмет көрсетуге жататын тұтынушыларды анықтау және (немесе) оларды қамтамасыз етудің ең төмен деңгейін белгілеу болып табылады, егер олардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмаса ТМС-ның қызметі тұтынушылардың мұқтаждарын ішінара қанғаттандыруға мүмкіндік береді, сондықтан осы орайда мемлекеттің арласуы қажет.
Тұтынушыға қызметтерді көрсету мүмкіндігінің болмауын дәлелдеу - тиісті жұмысты орындау ауыртпалығы ТМС-ға жүктелген.
Бүгінгі күні ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сыртқы және ішкі факторларды талдау:
Күшті жақтары:
Субъектілердің қызметін реттеу экономиканың тиімді жұмыс істеуі мен инфрақұрылымдық салаларын дамытуды қамтамасыз ететін тұтынушылар мен табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып жүзеге асырылады.
Кеден одағының жұмыс істеуі көрсетілетін қызметтерді, капиталды, жұмыс күштерін еркін ауыстыруды болжамдайтын бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру интеграциясының аса терең нысанына көшу алаңы болды. Көлік инфрақұрылымына тең қол жеткізу қазақстандық тауарлардың алыс шет ел нарықтарына өткізу кезінде шығындар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.
Әлсіз жақтары:
1. Субъектілердің негізгі құралдарының елеулі нақты және моральдық тозуы және әлсіз техникалық жай-күйі.
Тозған негізгі құралдар баяу қарқынмен жаңғыртылады.
Субъектілердің барлық салаларындағы жағдайлары, атап айтқанда коммуналдық сектор тозған өндірістік қорларды жаңғырту мен жаңартуға инвестициялардың төмен деңгейін сипаттайды.
2. Субъектілер желілеріндегі ысыраптардың жоғарғы деңгейлері.
3. Қосымша қуаттар туралы ақпараттың болмауы.
Осы ақпараттың болмауы қосымша қуаттарды қосу бойынша шешім қабылдауға кедергі үшін алғышарт жасайды.
4. Белгіленген өңірлердегі жұмыс бастылықтың жоғары деңгейі.
5. Интеграцияның, тиісінше заңнамалық актілерді үйлестірудің баяу қарқыны.
Мүмкіндіктері:
Субъектілердің қызмет тиімділігін арттыру үшін ынталарды құруға, тиімсіз шығындарды төмендету қажеттілігіне, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы жетілдіру жолымен кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты проблемалық мәселелерді шешу:
1) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы жетілдіру.
Бүгін бұрын қойылған міндеттер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңымен орындалғанын айтуға болады. Сонымен бірге Мемлекет басшысының 2050 Стратегиясында елді дамытудың жаңа міндеттері экономиканың тиімді инфрақұрылымын жасау, тұтынушы құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру, реттеудің ынталандыру әдістерін қолдануды кеңейту үшін жағдайлар жасауды талап етеді.
2) аса жеңіл шарттармен ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға жәрдемдесетін шекті тарифтерді белгілеу, экономиканың тұрақсыздығына байланысты тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ ынталандыратын өндірістік шығындарды төмендету.
Шекті тарифтерді есептеу кезінде елді дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері ескеріледі, сондай-ақ субъектілердің өндіріс тиімділігін арттырудан түскен кірістерді өздігінен иелік етуге мүмкіндігі бар.
3) тарифтерді қалыптастырудың баламалы әдісін енгізу.
Қазіргі уақытқа дейін тарифтерді реттеудің негізгі әдісі экономикалық негізделген шығыстар әдісі болды. Оның сипаттамасы ресурс жеткізуші тарифтерді реттеу органында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қаражат сомасын жыл сайын негіздейді, осы әдіс тәжірибеде жиі қолданылады.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялар (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің салыстырмалы талдау нәтижелерінің негізінде тарифтерді қалыпастырудың баламалы әдісі енгізілді. Осы әдістің артықшылығы субъект белгіленген тарифтік кіріс шегінде өздігінен шығыстарды бөледі және оңтайландырады. Көрсетілген әдісті енгізу реттеушіге көп факторларды ескере отырып, ӨЭК қызметінің тиімділігін бағалауға және қызметі аса тиімді жетекші субъектінің үлгісімен салыстыруға мүмкін берді.
4) Кеден одағы елдерінің табиғи монополиялар туралы заңнамасын үйлестіру.
2011 жылғы 2 шілдедегі № 451-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 5 ақпандағы № 14 шешімімен бекітілген табиғи монополиялар салаларына қатысты (селекторлық (салалық) бөліністе) бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың кезеңдік жоспарында көзделген.
Қауіптер:
1) өнідірістің техникалық артта қалуына алып келетін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық міндеттемелерді орындамау және осыған байланысты төменгі тиімділік пен ысыраптар;
2) инфляция деңгейінің тапсырылған параметрлерден асырылуы макроэкономикалық тұрақтылықтың төмендеуіне алып келуі мүмкін;
3) Агенттік жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шешімдер мен тиісті нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау Агенттік мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін;
4) Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 5 ақпандағы № 14 шешімімен бекітілген табиғи монополиялар салаларына қатысты (селекторлық (салалық) бөліністе) бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың кезеңдік жоспарын уақтылы орындамау және соның салдарынан Кеден одағы елдерінің табиғи монополия субъектілерін реттеу кезінде әртүрлі тәсілдер.».
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, нысаналы индикаторлар,
іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету.
1.1-мақсат. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру
Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 001, 004
Нысаналы индикатор Ақпа-
рат көзі Өлшем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009
жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Табиғи монополиялар салаларындағы инвестициялардың көлемі ТМС
деректері 2011 жылмен салыс
тырғанда % 100 100 100 106,1 114,7 120,5 127
Табиғи монополиялар салаларындағы негізгі құралдардың тозуы ТМС
деректері % 65 63 60
ТМС пен нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің инфляцияға жиынтық үлесі* Статистика деректері % 2,0 1,43 1,58 1,58 * 1,2 * 1,58 * 1,58 *
Нормативтен тыс және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуден үнемделген қаражаттың көлемі ТМРА және ТМС деректері 2011 жылмен салыс
тырғанда % - - 100 63 75 76 85
1.1.1-міндет. Электр және жылу энергетикасы, су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласындағы ТМС қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері Ақпа-
рат көзі Өл
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Базалық ТМС-ның нормативтік техникалық ысыраптарының деңгейi: ТМС дерек- тері
электр желiлерiнде % 19,3 18,1 16,8 15,8 13,5 13,4 13,3
жылу желiлерiнде % 26,2 24,7 23,2 21,4 19,6 19,5 19,4
су шаруашылығы желiлерiнде % 27,6 25 23 21 18,9 18,5 18
Базалық ТМС-ның нормативтен тыс ысыраптарының (олар болған кезде) деңгейі: ТМС дерек- тері
электр желiлерiнде % 2,1 1,4 1,5 1,0 0,5 0 0
жылу желiлерiнде % 7,0 6,9 2,5 5,5 2 0 0
су шаруашылығы желiлерiнде % 4,47 4,15 1,0 3,89 1,0 0 0
Тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi саласындағы базалық ТМС-ның үлес салмағы ТМС дерек- тері % 75 100 100 100 100 100
Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) нәтижелерінің негізінде тариф белгілеу әдiсiмен қамтылған ӨЭК үлесі ТМС дерек- тері % 0 0 0 0 100 100 100
Суық суды есептеу аспаптарымен жарақтандыру ТМРА дерек- тері % 85 90 95
Ыстық суды есептеу аспаптарымен жарақтандыру ТМРА дерек- тері % 85 90 95
Үйге ортақ жылуды есептеу аспаптарымен жарақтандыру ТМРА дерек- тері % 35 55 65
Шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландырған базалық ТМС үлесі ТМС дерек- тері % 15 15 10 10 8 5 3
Орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн (істеген) базалық ТМС үлесі ТМС дерек- тері % 24 34 48 53 70 93 95
ТМС-ның реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған тарифтердiң инфляцияға үлесi: ТМС дерек- тері
суық сумен жабдықтау Статис-тика дерек тері % 0,14 0,15 0,15 0,15 * 0,15 * 0,15 * 0,15 *
кәріз % 0,05 0,04 0,06 0,06 * 0,06 * 0,06 * 0,06 *
ыстық сумен жабдықтау % 0,37 0,25 0,37 0,37 * 0,37 * 0,37 * 0,37 *
орталықтандырылған жылыту % 0,58 0,45 0,57 0,57 * 0,57 * 0,57 * 0,57 *
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған ТМС өтінімдерін қарау Х Х Х Х Х
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтерін өзгертуге арналған ТМС өтінімдерін қарау Х Х Х Х Х
Шикізат пен материалдардың шығыс нормаларын бекітуге арналған ТМС өтінімдерін қарау Х Х Х Х Х
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтерді бекітуге арналған базалық ТМС өтінімдерін қарау Х Х Х Х Х
ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің инфляцияға үлесі бойынша статистикалық ақпараттың мониторингі Х Х Х Х Х
1.1.2-міндет. Темір жол көлігі саласындағы ТМС қызметінің тиімділігін арттыру
Тікелей нәтиже көрсеткіштері Ақпарат көзі Өл-
шем бір-
лігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы
жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Темiржол көлiгi саласындағы ТМС-ның негізгі құралдарын жаңғыртуға бағытталған инвестиция көлемі ТМРА деректері % - - 100 100 106 111 114
Жүктердi темiржол көлiгiмен тасымалдау тарифтерiнiң өсуі ТМРА ТМРА деректері % - 17,6 15 15 15* 15* 0*
Магистральдық теміржол желілері объектілерінің негізгі құралдарының тозуы ТМРА
деректері % 64 62 61
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Темiржол көлiгi саласындағы ТМС-ның инвестициялық бағдарламаларын қарау және бекіту Х Х Х Х Х
Темiржол көлiгi саласындағы ТМС өтінімдерін қарау және бекіту Х Х Х Х Х
1.1.3-міндет. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, тасымалдау, газды таратушы қондырғылар мен газ құбыржолдарын пайдалану саласындағы ТМС қызметінің тиімділігін арттыру
Тікелей нәтиже көрсеткіштері Ақпарат көзі Өл-
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, тасымалдау, газ қондырғылары мен газ құбыржолдарын пайдалану саласындағы ТМС-ның негізгі құралдарын жаңғыртуға бағытталған инвестициялардың көлемі ТМРА деректері % 100 100 100 100 105 107 110
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, тасымалдау, газ қондырғылары мен газ құбыржолдарын пайдалану саласындағы ТМС-ның инвестициялық бағдарламаларын қарау және бекіту Х Х Х Х Х
Реттеліп көрсетілетін құбыржолдар қызметтеріне арналған тарифтерді өзгертуге арналған ТМС өтінімдерін қарау Х Х Х Х Х
1.1.4-міндет. Аэронавигация, порттар және әуежайлар саласындағы ТМС қызметінің тиімділігін арттыру
Нысаналы индикатор Ақпа
рат көзі Өл
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Аэронавигация, порттар және әуежайлар саласындағы ТМС-ның негізгі құралдарын жаңғыртуға бағытталған инвестициялардың көлемі ТМРА деректері % 100 100 100 100 104 108 112
Аэронавигация саласындағы объектілердің негізгі құралдарының тозуы ТМРА және ТМС
деректері % 49,4 48,7 48,1
Порттар саласындағы объектілердің негізгі құралдарының тозуы ТМРА және ТМС
деректері % 31,8 30,2 29,2
Әуежай саласындағы объектілердің негізгі құралдарының тозуы ТМРА және ТМС
деректері % 34 33 32
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012
жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Аэронавигация, порттар және әуежайлар саласындағы ТМС-ның инвестициялық бағдарламаларын қарау және бекіту Х Х Х Х Х
1.2-мақсат. Реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу
Нысаналы индикатор Ақпарат көзі Өл-
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009
жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жос пар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне баға өсуінің инфляцияға үлесі:
электр энергиясы Статис- тика дерек-
тері % 0,48 0,44 0,41 0,41 * 0,41 * 0,41 * 0,41 *
таратушы желілер арқылы тасмалданатын газ % 0,39 0,03 0,003 0,003 * 0,003* 0,003 * 0,003 *
1.2.1-міндет. Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу
Тікелей нәтиже көрсеткіші Ақпа- рат
көзі Өл
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жос пар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне баға өсуінің инфляцияға үлесі: Статистика дерек-
тері
электр энергетикасы саласында % 0,48 0,44 0,41 0,41 * 0,41 * 0,41 * 0,41 *
таратушы желілер арқылы тасмалданатын газ саласында % 0,39 0,03 0,003 0,003 * 0,003 * 0,003 * 0,003 *
Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің негізгі құралдарын жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған инвестициялар көлемі ТМРА дерек-
тері % 100 100 100 100
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Электр энергетикасы саласындағы нарық субъектілерінің хабарламаларын қарау Х Х Х Х Х
1.2.2-міндет. Теміржол көлігі, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпа-
рат көзі Өл-
шем бірлігі оның ішінде аралық мәнді көрсете отырып
есепті кезең жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(ағымдағы жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
Жолаушылар теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне баға өсуінің инфляцияға үлесі Статистика дерек- тері % 0 0,07 0 0,1 * 0,12 * 0,12 * 0,1 *
Теміржол көлігі, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің негізгі құралдарын жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған инвестициялар көлемі ТМРА дерек- тері % 100 100 100 100
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2011 жыл 2012 жы