Бокс • 02 Қараша, 2021

ӘЧ ширек финал: Қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 қарашада бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жек өтеді. Сербия астанасы Белградта өтетін әлем біріншілігінің рингіне 10 қазақстандық шығады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

ӘЧ ширек финал: Қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

Биыл спортшылар 13 салмақ дәрежесінде ең мықты боксшыны анықтайды.

Қазақстан командасы әлем чемпионатына толық құраммен қатысып, он боксшы ширек финалға шықты.

Бокс ережелеріне сәйкес, бүгінгі жекпе-жектерде жеңімпаздар автоматты түрде әлем чемпионатының жүлдегерлері атанады. Жартылай финалға жолдама алған спортшы да қола медальды еншілейді.

Чемпионатқа әлемнің 88 елінен 510 былғары қолғап шеберлері қатысты. Ал бүгінгі кезеңге дейін 42 елден 104 боксшы жетті.

Турнирдің 1/4 финалындағы қазақстандық спортшылар мен олардың қарсыластарының тізімі:

48 кг: Теміртас Жүсіпов пен Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан);

51 кг: СакенБибосынов пен Юбергуен Мартинез (Колумбия);

54 кг: Махмуд Сабырхан мен Майкл Тринидад (Колумбия);

57 кг: Серік Теміржанов пен Эдуард Саввин (Ресей);

60 кг: Саматали Толтаев пен Софьян Умиа (Франция);

63,5 кг: Санатали Толтаев пен Риз Линч (Шотландия);

67 кг: Абылайхан Жүсіпов пен Чинзоринг Баттарсухийн (Моңғолия);

71 кг: Асланбек Шымбергенов пен Юрий Захареев (Украина);

75 кг: Нұрқанат Райыс пен Сальваторе Кавалларо (Италия);

80 кг: Нұрбек Оралбай мен Владимир Мирончиков (Сербия).