Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы жағдай, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Биыл үшжақты комиссияның 15 отырысы өтіп, әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды. Еңбек қатынастарын реттеу бойынша жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 172 тексеру жүргізіліп, 254 заңбұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелерімен 7,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 5,8 млн. теңге айыппұл өндірілген.
Сонымен қатар, жыл басынан бері 56 кәсіпорындағы 2121 жұмыскердің 230,5 млн теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша түзілген және жұмыс істеп тұрған ұжымдық шарттың саны 1505-ке жетті.
Қала әкімі М.Әйтенов әлеуметтік әріптестер белсенді жұмыс жүргізуі қажет екенін атап өтті.
«Әлеуметтік шиеленісті тудыратын, жалақы қарыздары, еңбек заңнамасының бұзылуы сияқты сұрақтар біздің күн тәртібімізден түспейтіні анық. Бірлесе қала аумағындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуіміз қажет. Қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету – бұл әрбір тұрғынымыздың Конституциялық құқығы. Сондықтан, бірінші кезекте кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбекті қорғау шараларының тиімділігін арттыру қажет, халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, тиімді әрекеттерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Қалада 112 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізген, 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» берілген. Әлеуметтік әріптестер осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Жалақы қарыздарын болдырмау, өндірістердегі жарақаттану деңгейін төмендету – біздің ең басты басымдығымыз. Барлығыңызды белсенді әрекет етуге шақырамын», деді қала әкімі.
Сонымен қатар, комиссия отырысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов, «Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Б.Әлтеев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылғандықтан «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының номинациялары бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздары марапатталды.
Сондай-ақ, жиында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздік құрал-жабдықтары таныстырылды.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар