Руханият • 02 Қараша, 2021

Қазақстан мен Иран сарапшылары дінаралық мәселелерді талқылады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін онлайн-форматта Қазақстан мен Иранның сарапшылар қауымдастығының қатысуымен «Бейбітшілік пен түсіністік жолындағы дінаралық диалог» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Иран сарапшылары дінаралық мәселелерді талқылады

Іс-шара әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау және қазіргі қоғамдағы діннің рөлі туралы халықаралық пікірталас өткізу үшін ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, Қазақстандағы Иран елшілігінің өкілдері, сондай-ақ ҚМДБ, Назарбаев орталығының, Иранның мәдениет және ислам байланыстары ұйымының басшылығы қатысты.

Серік Егізбаев екі мемлекет арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастық халықтарымыз бен елдеріміздің арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ол саяси және діни қайраткерлердің күш-жігерін біріктіретін съездің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан мен Иранның Съезд және оның институттары идеяларын ілгерілетудегі күш-жігері әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасында сындарлы диалог орнату мен дамытуда оң нәтиже беретіні туралы пікір білдірді.

Іс-шараны Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы және Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды.