20 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/613

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2013 жылғы 11 желтоқсан,  Астана қаласы «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы №264 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 «Қазақ­стан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде; 6-тармақ алынып тасталсын: 7.1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7-1. Заңдастыруға жатпайды: 1) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттар; жүргізуші куәліктері; 2) әскери билеттер, шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктер; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, өзге де құжаттар мен актілер.»; 15-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген ережелердің 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 2. Консулдық қызмет департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітіл­ген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Р.ЖОШЫБАЕВ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №08-1-1-1/613 бұйрығының қосымшасы Консулдық заңдастыру ережелеріне 2-қосымша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуының үлгісі Осы құжат _____________________________________________________ заңдастырылды. (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) This document is legalized in ________________________________________ (name of the embassy/ consulate general /consulate of the Republic of Kazakhstan) № _____________ 20____ ж. «__» ______________ Консул/consul __________________ қолы/signature Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9068 болып енгізілді.