Өнер • 03 Қараша, 2021

Шебердің жұлдызы жанды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында өткен BORN NOMAD POWER AWARDS 2021 халықаралық байқауында Қарқаралы қаласының қолөнер шебері Ақжол Жұртыбай «Жас талант» номинациясында жеңімпаз атанды.

Шебердің жұлдызы жанды

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АҚШ елшілігі ұйымдастырған жәрмеңкеде қарағандылық шебер ұлттық нақышта ағаштан жасалған бірегей бұйымдарды ұсынды.

Байқауда бақ сынаған үміткерлердің жұмысын Еуропа, Африка және Украина елдерінің сарапшылары бағалады. Қазылар жұмыстардың сыртқы сұлулығына ғана емес, сонымен қатар шеберлер құрған бизнестің өміршеңдігіне де баса назар аударғанын айта кеткен жөн.

Жас шебер Ақжол Жұртыбай қолданбалы өнер­мен бала кезінен айналысады. Алғашқы ұстазы өзінің атасы болды. Айта кету керек, Ақжолдың ата-анасы да шығармашылық адамдары: әкесі ағаш шебері, ал анасы сурет пәнінің мұғалімі.

Ақжол Жұртыбай ағашпен жұмыс істеудің қыр-сырын атасы мен әкесінен үйренгенін мақтан етеді.

– Олар маған көп нәрсені үйретті. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, өз ісімді ашқанымда олар мықты қолдау көрсетті. Аудан әкімінің грантын жеңіп алып, ол қаражатқа екі станок сатып алдым. Бұл іске өзімнің де қаржымды салдым. Бір жылға жуық уақыттан бері мен өз брендімді дамытып келемін. Бұл іс өзіме ұнайды, табыс әкеліп жатқаны да рас, – деп сыр ақтарады шебер.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы