Экономика • 03 Қараша, 2021

Қазақстандықтардың шығыны көбейді

1342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен халықтың ақшалай шығындары бір адамға шаққанда 197,6 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың шығыны көбейді

Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы бұл шығындар 166,7 мың теңгені құрады, бір жылда 4,8% артып отыр. Бұл ретте азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындар – 12%, азық-түліктік емес тауарларына – 24%, ақылы қызметтер шығындары 35%-ға ұлғайды.

Өңірлік бөліністе ең көп шығын Алматыда тіркелді: жан басына шаққанда 275,5 мың теңгені құраған, жылдық өсім бір жылда — 17,7%. Ақшаны ең көп жаратқан өңірлер арасында Қарағанды (247,2 мың теңге, жылына 22%) және Павлодар (237,3 мың теңге, плюс 30%) облыстары да атап өтілді. Табысын ең аз жұмсаған Түркістан облысының тұрғындары: 133,7 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 25% көп. Шығындардың негізгі бөлігі — 92,7%, халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге жұмсалған: 183,2 мың теңге, бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,6% көп.

Оның ішінде 105,6 мың теңге азық-түлік тауарларына, 45,2 мың теңге азық-түлік емес тауарларға, 32,4 мың теңге ақылы қызметтерге кеткен.