Әлем • 03 Қараша, 2021

АҚШ 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуды ұсынды

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенский 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу үшін америкалық Pfizer және немістің BioNTech компанияларының вакциналарын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуды ұсынды

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының тобы жүргізген модельдеуге сәйкес, 5-11 жас аралығындағы балаларды вакциналау коронавирус инфекциясының таралуын 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8% төмендетеді. Топ мүшесі Сара Оливердің айтуынша, вакцинация вирустың ықтимал жаңа нұсқасының әсерін азайтуға көмектеседі.

Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасы басқармасы 5-11 жастағы оқушыларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қолдануды мақұлдаған болатын.

Оқу жылы басталғалы бері АҚШ-та балалар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны тез артқаны байқалды. Ауруханаларға коронавирус жұқтырып түскен балалардың саны маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін алты апта ішінде бес есе өсті делінген. 5-11 жас аралығындағы балалар ересектерге арналған дозаның үштен бір бөлігін құрайтын вакциналар алады деп хабарланған. Екінші доза бірінші дозаны алған сәттен бастап үш аптадан кейін енгізіледі.

Сондай-ақ иммунитеті әлсіз балаларға үшінші доза салынбайтыны атап өтілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, елдегі 1,9 миллион балаға коронавирус диагнозы қойылған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50