Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын талқылау бойынша ғылыми-шығармашылық зиялы қауыммен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуге шығармашылық және академиялық саланың, Қоғамдық кеңестің, Қазақстан халқы және Жастар ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді, мәдени деңгейді арттыру және заманауи қоғамды рухани жетілдіру, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан «Рухани жаңғыру» құндылықтарын және «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын ілгерілету мәселелеріне назар аударылды.
Бүгінде елімізде 10 нақты ұлттық жоба белгіленген, оның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы да бар. Жобаның мақсаты – ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, отандық мәдени өнімдерді ілгерілету, оның ішінде бірыңғай электрондық платформа құру арқылы «e-culture.kz» ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың факторына айналады.
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 9 айында 347 жоба жүзеге асырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 80-нен астам іс-шара жүзеге асырылды, олардың көпшілігі даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын насихаттау бойынша өтті. Кітапханалар базасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын қамтитын 105 дамыту үйірмесі жұмыс істейді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Жаңа арнайы жобаларды іске асыру басталды: прагматизмді, ұтымды дағдыларды тәрбиелеуге, мәдени мұраны зерделеуге және т.б. бағытталған 67 іс-шара өткізілді, сонымен қатар, қаланың барлық колледждері мен көптеген мектептерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке тұлғаны дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге жауапты тұлғалар анықталды.
Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде мәдени инфрақұрылымды одан әрі дамыту, ұлттық құндылықтарды медиа өнімдер мен киноның түрлі форматтарында ілгерілету, мемлекеттік тілде білім беру контентін арттыру мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Талқылауға ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов, «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ төрағасы, ҚР Композиторлар одағының құрметті төрайымы Балнұр Қадырбек, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Жазушылар одағының мүшесі Смағұл Елубаев, М. Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің экс-ректоры Такир Балықбаев, лингвист Анар Фазылжан қатысты.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдар өкілдері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіріп, көтерілген мәселелерге түсініктеме берді.
Кездесу соңында Ералы Тоғжанов ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне мәдени құрамдас бөлікті дамытуға, елдің шығармашылық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, мемлекеттік органдарға ұлттық жобаларды, оның ішінде кездесу барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, сапалы іске асыру үшін өзара іс-қимылды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:10
Референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асырады - Ерлан Қошанов
Парламент • Бүгін, 16:57
Әлем • Бүгін, 16:37
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Бүгін, 16:32
Қаржы • Бүгін, 16:25
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Ұқсас жаңалықтар