Оқиға • 03 Қараша, 2021

Ақтөбеде полиция есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеріп, облыс орталығына есірткі затын тасымалдаған Темір ауданының тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде полиция есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және ҚР ІІМ ҰҰ арнайы жасағының сарбаздарымен бірге «Қарасора-2021» жедел іс-шарасы барысында 47 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлер ұсталған азаматтың автокөлігінен 3 кг-ден астам марихуана тауып, тәркіледі.

«Ер адамның есірткіге еліткен күйінде ұсталғаны сараптама кезінде анықталды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша тергеу басталды. Осы баптың санкциясында бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.