Оқиға • 03 Қараша, 2021

Жүк көлігі Astana LRT құрылысының бетон-арматураларына соғылды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада көктайғақ салдарынан бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам зардап шеккен, деп жазады Egemen.kz.

Жүк көлігі Astana LRT құрылысының бетон-арматураларына соғылды

«Кеше сағат 20:00-де «Шансиман» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі көктайғақ кезінде Тәуелсіздік көшесімен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, құрылыс аймағындағы бетон-арматураларға соғылған.  Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ», деді полиция қызметкерлері.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райы мен жауын-шашынға байланысты көлік қозғалысы кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.