Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Мұнай-газ өнеркәсібіне құбыр дайындайтын зауыт ашылды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында ашылған мұнай-газ кенішіне арналған зауыт – еліміздегі диаметрі 530 мм дейінгі кіші болат құбырларын сыртқы және ішкі коррозияға қарсы қоспамен қаптап құбыр әзірлейтін алғашқы зауыт.

Мұнай-газ өнеркәсібіне құбыр дайындайтын зауыт ашылды

Кәсіпорын жылына мұнай және газ өнер­кәсібіне қажетті 700 ша­қырымға жуық құ­быр өндірмек. Мұ­нда соңғы үл­гідегі технология­лар­дың көмегімен құ­быр­ларға ішкі және сырт­қы қаптама жұмыстары жүр­гізіледі.

«Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС ди­ректоры Мырзабай Оңдағанның айтуынша, инвестициялық жобаның құны – 5 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны құры­лып, жұмысшылар арнайы даярлықтан өткен.

Зауыттың ашылу салтанатында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мұндай зауыттардың ашылуы өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

– Елбасы бағдар­­­ла­малық құжат­тар­да жер­гілікті қамтуды дамы­тудың қа­жеттілігін бір­неше рет көрсетті. Ел Пре­зиденті де бізге осындай міндет қойып отыр. Біз өңірдің мұнай-газ сала­сындағы жергілікті қам­тудың үлесін ұлғайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді облыс әкімі.

Отандық өнім мен отан­дық өдіріске қолдау көрсету маңызды мәселе десек, Ақтауда ашылған за­­уыт үшін қуануға бола­ды.