Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіровтің төрағалығымен азаптаудың алдын алу бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңестік орган – Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамамен белгіленген елдегі осы сияқты құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша тиімді шараларды қолдануда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауы мақсатында құрылған.
Өткен отырыс барысында елдің барлық өңірлерінде жұмыс істеу үшін ҰАТ қатысушылары сайланды. Жаңа заңнамаға сәйкес, көрсетілген тұлғалар жабық институттық мекемелерге кедергісіз кіруге, азаптауды және басқа да қатыгез іс-әрекеттердің түрлерін қолдану туралы мәлімдемелер мен шағымдарды қабылдауға құқылы. Жариялылық және ашықтық жағдайында өткен оларды іріктеу кезінде кәсіптілік деңгейі мен адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесімен байланысты критерийлер ескерілді.
Үйлестіру кеңесінің отырысында ҰАТ жұмысын ағымдағы жылдың наурыз айында бастау туралы шешімі қабылданды, деп хабарлады Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.