Әлем • 04 Қараша, 2021

Балаларға вакцина салу басталды

1511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға вакцина салу басталды

Бұл туралы Голос Америки агенттігі мәлім етті.

АҚШ-тың Коннектикут шататында бір топ бала COVID-19-ға қарсы екпе алды. Оларға Pfizer-BioNTech вакцинасы салынды.

Вакцина 10 мкг-дан екі дозада енгізіледі, бұл 12 жастан асқан адамдар алатын мөлшердің үштен бірін құрайды. Дозалар үш апта аралықпен салынады. Олар әртүрлі пакеттерде жеткізіледі және балалар уколдар арқылы салынады.

«Алдағы аптадан бастап екпенің жеткілікті мөлшері болады. Вакцина пунктерінің де саны артады. Ата-аналар өз балаларына екпе салдыру үшін қабылдауға жазыла алады», деді Джо Байден.