Медицина • 04 Қараша, 2021

Мүше трансплантациясын күту тізімінде қанша бала тұр?

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында трансплантология саласындағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүше трансплантациясын күту тізімінде қанша бала тұр?

Сенатордың айтуынша, мүше трансплантациясына кезек өте баяу әрі операцияны күтетін науқастардың саны күннен-күнге артып келеді.

Ақмарал Әлназарова Қазақстанда 2012 жылдан бастап дене мүшелерін трансплантациялау бойынша 2 мыңға жуық операция жасалғанын айтты. Бүгінгі таңда трансплантацияны күту тізімінде 3 300-ден астам адам бар, оның 105-і бала.

Соңғы 9 жылда елімізде балаларға 118 бүйрек трансплантациясы жасалды, оның 77%-ы донор туыстардан алынған. Сенатор трансплантологиялық қызметті толыққанды қалыптастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ халықтың орган донорлығы туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Сонымен қатар елімізде трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмағаны жатады», деді Ақмарал Әлназарова Сенат отырысында.

Сенатор өз сөзінде донорлық органдар мен трансплантация бригадаларын өңірлерден орталыққа уақтылы және қауіпсіз жеткізудің техникалық қиындықтары бар екенін атап өтті.