Үкімет • 04 Қараша, 2021

844 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

844 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша Комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 844 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. Комиссия Қазақстан азаматтығынан шығу туралы 42 адамның өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.