Елорда • 05 Қараша, 2021

Елордадағы жәрмеңкеде 200-ден астам тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынады

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мен өңірлердің 200-ден астам тауар өндірушілері демалыс күндері елордада өтетін жәрмеңкелерде өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды  Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы жәрмеңкеде 200-ден астам тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынады

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы жалғасуда

Осы және келесі демалыс күндері, яғни 6-7 және 13-14 қарашада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% төмен тауарларды сатып ала алады.

Сөрелерде өнімдердің кең ассортименті ұсынылады, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн. Екі жәрмеңкеге 200-ден астам тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады.

Айта кету керек, елордада жәрмеңкелерді өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру құралдарының бірі болып табылады. 21 тамыздан бастап Нұр-Сұлтандағы 14 жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 860-тан астам тауар өндіруші қатысты. Олар барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік сатты.

«Биыл қала басшылығының шешімімен әр жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен Нұр-Сұлтан базарларының көтерме сатушылары қатысады. Әр жәрмеңкеге елорданың 100-120 өндірушісі қатысады», деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Оның айтуынша, ауа-райы жағдайы жәрмеңкеге қатысуға әсер етпейді, қала тұрғындары азық-түлікті артығымен сатып алуда. Атап өткендей, өңірлердің жәрмеңкелеріне елорда халқының үштен бірі қатысады.