Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында отандық дипломаттардың Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлестері үшін марапатталғаны атап көрсетілген.
А. Камалдинов 2007-2016 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі, 2016-2018 жылдар аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Е. Баударбек-Қожатаев 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып, 2017-2021 жылдар аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор қызметін атқарған.
Марапатталған дипломаттар жапон және ағылшын тілдерін меңгерген.