«Құрманғазы аудандық полиция бөлімінде көрінеу жалған құжатты пайдалану дерегімен 2 қылмыстық іс тіркелді. Нақтылай айтқанда, аталған ауданның екі тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келмеген. Сол себепті, екпе алғаны жөнінде жалған вакцина паспортын жасатып алған. Жалған вакцина паспортын тұрақты түрде пайдаланғаны анықталды. Ashyq электронды қосымшасына сәйкес, олардың мәртебесі «қауіпсіз» ретінде бағаланған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде жалған вакцина паспортын жасатқан екі адам қылмысын толықтай мойындаған. Аталған қылмыстық істі қараған Құрманғазы аудандық сотының үкімімен кінәлі адамдарға айыппұл салынды.