«Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 8 шаршы метр бөлме жанып жатқаны анықталған. Өрт 16:57-де ауыздықталып, 17:02-де сөндірілген. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 10 адам құтқарылды, оның ішінде екі бала бар. 25 адам өзін-өзі эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда, өрт-техникалық зерттеу тағайындалды», делінген ресми хабарламады.
Шақырту орнына ТЖД-нің 19 қызметкері мен бес техникасы келген.