«13 қарашадан бастап Нұржол бульварынан Қонаев көшесіне дейін («Сулы-жасыл желекжол» тұрғын үй кешені бойымен) біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл шешім тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініші бойынша көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», делінген компания мәліметінде.
Аталған шешім «Есіл» ауданы әкімдігімен және «City Transportation Systems» ЖШС-мен бірлесіп қабылданған.
«Жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз», деп түйіндеді компания.