Қоғам • 06 Қараша, 2021

Бас прокуратураға коллекторлардың үстінен 691 шағым түскен

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов коллекторлық ұйымдарға келіп түскен шағымдар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураға коллекторлардың үстінен 691 шағым түскен

«Прокуратура органдары коллекторлар қызметіндегі заң бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде 200-ге жуық коллекторлық ұйым жұмыс істейді. Олардың қызметі үнемі азаматтардың сынына ұшырап жатады. 2020 жылы мен биылғы 8 айда уәкілетті органға олардың заңсыз әрекеттері туралы 691 шағым келіп түсті. Сол шағымдар бойынша тексерулер жүргізілді», деп жазды Ғизат Нұрдәулетов депутаттық сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, ол коллекторлық ұйымдар жиі жіберетін негізгі заңбұзушылықтарды атады.

«Негізгі бұзушылықтар – борышкерді міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін жосықсыз әрекеттер; берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру; қарыз бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы хабарлама талабын сақтамау және басқалар», деп атап өтті Бас прокурор.

Оның мәліметі бойынша, тексерулер қорытындысы негізінде тізілімнен 28 коллекторлық агенттік шығарылған.

«Сондай-ақ 12 млн теңгеге 60 ден қою шарасы мен санкциялар қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша 22 коллекторлық агенттік қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдады. 4 жыл ішінде коллекторлық компанияларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы бар-жоғы 45 хаттама жасалған. Бұл олардың атына жіберілген бұзушылықтар мен шағымдар санына нақты сәйкес келмейді. Коллекторларды бұзудың алдын алу үшін прокуратура органдары олардың жұмысын бақылайтын агенттіктің жауапкершілігін арттыру тәсілдерін қайта қарастыруда», деп түйіндеді Ғизат Нұрдәулетов.

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02