Оқиға • 06 Қараша, 2021

Шымкенттік полицейлер терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секірмек болған 24 жастағы қызды аман алып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттік полицейлер терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

4 қарашада түнгі сағат 00:30 шамасында 102 арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түсткен.

«Тәртіп сақшылары хабарламаға шұғыл ден қойып, жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Қызмет барысында полиция лейтенанты А.Ибрагим мен полиция майоры Н.Қоспанов аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған азаматшаны көреді», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде терезе сыртында тұрған қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірімен қош айтыспақ болған 24 жастағы азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.