Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, күндіз ал солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында 7 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкентте 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.