Оқиға • 07 Қараша, 2021

Елордада митинг өтті

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Цирк аумағында рұқсат етілген митинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада митинг өтті

Рұқсат етілген митингті ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өткізуге «Сбермен» жасалған келісім, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері себеп болған.

Акция кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан, сондай-ақ әкімдік пен құқық қорғау органдары тарапынан барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі митингтің тәртіпке сай өтуі үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасады. Жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері акция аумағында кезекшілік етті. Олар акция ұйымдастырушыларының жұмысына кедергі келтірмеді. Іс-шара тосын оқиғасыз өтті.

Алдымен ұйымдастырушылар акцияның себебін түсіндірді. Осыдан кейін қатысушылардың бәрі Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.

Жалпы, рұқсат етілген митингке қатысушылардың қарасы көп болған жоқ.