ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарғанды облысындағы онлайн брифингіде осындай мәлімет берді.
«Төтенше оқиға таңғы сағат 8.24-те болғанын айттым. Кенжарда кенеттен метан газы босап шыққан. Біз дачиктерді қарап шықтық. Диспетчерлік қызмет ауадағы метан газының концентрациясы бірнеше есе – 41 пайызға дейін артып кеткенін анықтады. Кенжардағы сегіз адамның алтауы тіпті құтқару құралын киіп үлгермей, сол жерден көз жұмған. Осы шахтаның кіреберіс ауызында болған 2 адам алғашқы құтқару құралдарын киіп үлгергендіктен, ауыр жағдаймен ауруханаға түсті. Әзірге алғашқы мәліметтер осындай. Метан газының босап шығуына не себеп болғанына келсек, оны комиссия анықтайды. Бәлкім қандай да бір технологиялық процестер бұзылды ма, метанның кенет шығуына не түрткі болғанын солар тексереді», деді Юрий Ильин.