Оқиға • 07 Қараша, 2021

Ақмола облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Целиноград ауданында газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан ер адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін сағат 11:53 Қызылсуат ауылында болды. Анықталғандай, жеке тұрғын үй аумағындағы автономды газбен жылыту орнатылған жерде газгольдердің құдығын ашу кезінде газды-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан үй иесі - 1948 жылы туған ер адам сол жерде көз жұмды. Өрт болған жоқ. 

«Қазіргі кезде жарылыстың шығу себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

Осы ретте, Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.