Бүгін елордалық «Астана» мен Алматының «Қайраты» өзара шеберлік байқасты.
Аталған ойынға түрлі себептерге байланысты елордалық клуб Марин Томасов, Тигран Барсегян, Исламбек Қуат және өзге де көшбасшы ойыншыларды қоса алған жоқ.
Соған қарамастан бірінші кезеңде «Астана» футболшылары Стас Покатилов қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді.
Дегенмен бірінші кезеңнің 45-минутында алматылық клубтан Раде Дугалич мергендік танытты. Екінші кезеңде олардың қатарынан Хосе Канте 67, Артур Шушеначев 72-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Қайрат» сырт алаңда «Астананы» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.