Аймақтар • 08 Қараша, 2021

Ақтаудағы жарылыс: Облыс әкімі жедел штаб құрды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтаудағы жарылыс: Облыс әкімі жедел штаб құрды

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, түнде облыс әкімі оқиға орнында болып, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізген.

«Біздің тарапымыздан барлық техника жұмылдырылды. Қазір ТЖД мамандары кинологтармен бірге жұмыс істеп жатыр. Асхана иесі кешкі сағат 20:00 шамасында асхананы жауып, ішінде адам болмағанын айтты. Сағат 00:00-ге дейін денсаулық сақтау саласына ешкім хабарласпады», деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Мangystaumedia.kz сайтында жарылыс болған кезде жақын жерде 11 көлік болғаны жазылған. Жарылыстан барлық көлікке зиян келген. Жол полициясының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен үш көлікті эвакуациялады. Одан әрі эвакуацияланатын сегіз көліктің иесі анықталып жатыр.