Аймақтар • 08 Қараша, 2021

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесінің екі дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Қызылорда қаласының тұрғындары Д.Болат пен Қ. Аяхметов үй-жайды жалға алып, оған «Fruit Loto», «Lucky Lady Charm», «Crazy Monkey», «Lucky Haunter» интернет-казино бағдарламалары бар компьютерлер орнатқан.

Анықталғандай, құмар ойыншылар компьютерлер арқылы бәс тігу мен ұтыстарды алуды іске асырған. Қ.Аяхметовке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, Ал Д.Болат 1 жылға бас бостандығы шектеу жазасына тартылды.

«Лудомания алкоголь мен есірткіге тәуелділікпен қатар аурулардың дүниежүзілік классификациясына енгізілген. Интернет-индустрияның дамуымен және казино мен букмекерлік кеңселердің таралуымен ойынға тәуелділік жаһандық әлеуметтік проблемаға айналды. Қаржылық мониторинг агенттігі «Ойын бизнесі туралы» заңда белгіленген орындардан тыс заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінң баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.