Оқиға • 08 Қараша, 2021

«Абайдағы» апат: Жансақтау бөліміндегілер палатаға шығарылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн режимінде өткен аппараттық кеңеске қатысушылар «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шахтадағы жұмыстар апаттың мән-жайы толық анықталғанға дейін тоқтатылды. Қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның барлық шахтасында тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Абайдағы» апат: Жансақтау бөліміндегілер палатаға шығарылды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін жаппай тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл мәселеге барынша жауапты қарап, немқұрайдылыққа жол бермеу керектігін қадап айтты.

Еске сала кетейік, кеше «Абай» шахтасында кенеттен метан тарады. Алты шахтёр қайтыс болды, екеуі ауруханада жатыр. Жеңіс Маралбаевты жансақтау бөлімінен бөлімше палатасына ауыстырды, Элайдын Зейналовты да палатаға ауыстыруға дайындауда.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында.

«Облыс әкімдігінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Кеше біз марқұмдардың отбасыларына бардық. Осы қиын-қыстау күндерде облыстың барлық тұрғындары сіздермен қайғы-қасіретті бөліседі», деді Жеңіс Қасымбек.