Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Ұлттық баяндама объективті болуы тиіс - Аида Балаева

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама жобасын жария талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму министрімен бірге ҮЕҰ өкілдері, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің белсенді мүшелері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық баяндама объективті болуы тиіс - Аида Балаева

«Ұлттық баяндама сіз бен біздің ортақ жұмысымызды көрсетеді, сондықтан ол қоғамдық кеңестер жұмысының нәтижелері мен талдауын ғана емес, бар проблемаларды және оларды жою шараларын да көрсетуі тиіс», деді А.Балаева.

Баяндаманы дайындау негізіне халық арасында сауалнама жүргізу және қатардағы азаматтардың қоғамдық кеңестер қызметі туралы жеке бағалары, әлеуметтік зерттеулер кірді.

Министр баяндаманың Мемлекет басшысына алғаш рет енгізілетінін, яғни, сапалы, толық және объективті болуы тиіс екенін атап өтті. Ол орын алған проблемаларды шешу үшін әзірленген ұсынымдарды жергілікті жерлерде уақтылы іске асыру қажеттігін атап өтті.

Баяндаманы талқылау кезінде сарапшылар: Андрей Чеботарев, Жулдызай Искакова, Александр Братенков сөз сөйледі. Олар баяндама жобасы республикалық және жергілікті деңгейлерде жинақталған тәжірибені сипаттайтынын атап өтті.

Азаматтық қоғам өкілдері Бакытгуль Хамбар, Сергей Гуляев, Айдар Амребаев, Гульнар Курбанбаева, Марат Башимов, Балжан Досмухамедова, Кайрат Жанабеков мазмұн бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау және Мемлекет басшысына енгізу алғаш рет заңнамалық деңгейде бекітілді.