Әлем • 08 Қараша, 2021

Хорватияның вице-премьері оқшауланды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватияның вице-премьер-министрі Здравко Маричтің COVID-19 сынағы оң нәтиже берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хорватияның вице-премьері оқшауланды

Оның отбасы мүшелерінен COVID-19 белгілері анықталған, кейін Премьер-Министрдің орынбасарына да осы диагнозы қойылған.

Үкімет Маричтің оқшауланатынын және өз міндеттерін үйде отырып орындайтынын айтты.

Айта кетейік, Хорватияда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясының 4159 жаңа жағдайы анықталып, аурудан 50 адам қайтыс болған.