Спорт • 09 Қараша, 2021

Абу-Дабиде айқасады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-21 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу Да­биде ка­ратэден (WKF) әлем чемпио­наты өте­ді. Оған 117 мемлекеттен келген 1 мың­­нан аса спортшы қа­ты­сады.

Абу-Дабиде айқасады

Төрткүл дүниенің ең мықты каратэ­ші­лері бас қосатын байрақты бәсекеде Қазақ­станның 10 спортшысы сайысқа түседі. Со­лардың арасынан Софья Берульцева мен Қай­сар Алпысбайды бөле-жара атап өтуге болады. +68 кг салмақтағы Софья небәрі 20 жаста. Соған қарамастан ол биыл Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарында қола медальды иеленіп, барша жанкүйердің қо­шеметіне бөленді. 60 кг салмақтағы Қай­сар Алпысбай да бірқатар биік белесті бағындырды. Биылғы жылдың басында қандасымыз Чилидің астанасы – Сантьягода өткен «Премьер-лига» додасында бас жүл­дені олжалады.

Жоғарыда есімдері аталған екі саңлақпен қатар, Абу-Дабидегі жарыста Мөлдір Же­тібай (50 кг), Сабина Захарова (55 кг), Ни­коль Ценгель (61 кг), Әсел Қанай (68 кг), Дидар Әмірәлі (67 кг), Нұрқанат Әжі­қанов (75 кг), Игорь Чехмарев (84 кг) және Данияр Юлдашев (+84 кг) күш сынасады.